Ақтөбе қаласы, Қалалық білім бөліміне қарасты №39 «Достық» МДҰ - да «Бақытты бала – Мәңгілік ел кепілі» жобасы аясында ата-аналарға 16-26 сәуір аралығында «Ашық есік күні» өтуде. Ата-аналар мен балабақша арасындағы ынтымақтасты қарым-қатынас, бала тәрбиесі жөнінде, оқу жылындағы алған оқу-тәрбие жұмыстарын көрсету мақсатындағы шаралар ұйымдастырылып өтуде.
Мини теннистен қалалық турнирге «Бәйтерек», «Қызғалдақ» мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері қатысып алғыс хаттармен марапатталды. Дене шынықтыру жетекшісі А.Б.Телгарин теннис инструкторлары арасындағы турнирде 1 орын алды.
Қалалық ағылшын тілінен «Joy English» байқауына Г.С.Бахманова мектепалды даярлау топ тәрбиеленушілерін қатыстырып, «Актерлік ұстамдылық» номинациясымен марапатталды. Мюзикл жанрындағы ағылшын тіліндегі қойылымға 22 тәрбиеленуші қатысты.






