Ұлы Жеңістің 74 жылдығы Ақтөбеде салтанатты түрде атап өтілді

Ұлы Жеңістің 74 жылдығы Ақтөбеде салтанатты түрде атап өтілді
09.05.2019 Мемлекеттік басқарма

9 мамыр -  Жеңіс күні. Биыл Ұлы Отан соғысының жеңісіне 74 жыл толуына орай түрлі мәдени-бұқаралық, әлеуметтік маңызды және спорттық іс-шараларды өткізуді көздеп, қаланы және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерді мерекелік безендіру жөніндегі жұмыстарды жоспарлап отыр.

9 мамыр – Жеңіс күні қала көлемінде барлығы 66 708 адамды қамтитын 143 іс-шара жоспарланған, оның 65-і қалалық іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Оның ішінде:

  •     мәдени, көпшілік іс – шаралар – 76
  •     байқаулар– 17 («Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы жеңіс», «Лучший хор 2019», т.б.)
  •     көрмелер – 21 («Ұрпаққа естелік қалдырайық», «Мың тағзым, ұлы жеңіске», т.б.)
  •     қайырымдылық шаралар – 10 («Добрые дела», т.б.)

Негізгі іс-шаралар

2019 жылғы 9 мамырда «Мәңгілік алау» Даңқ Обелискінде және Ә.Молдағұлова мемориалында Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин мен Ақтөбе қаласы әкімі І.Испановтың, құқық қорғау органдары басшыларының, ардагерлеріміз бен қала қонақтарының қатысуымен ресми гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сонымен қатар, Батырлар аллеясында, Ә.Молдағұлова бюстінде, Бауырластар зиратында және «Зеңбірек» ескерткішінің жанында дәл сондай рәсімдер өткізілді.
Жоғарыда аталған мемориалдық кешендер мен ескерткіш алаңдарында «Еске алу» вахтасының кезекшілігі ұйымдастырылды.
Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар 9 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ пен «Ақтөбе Арбаты» алаңы, «Керуен сити» ойын-сауық орталығы алаңы, А.С.Пушкин атындағы саябақ, «Ретро» саябағы, Астана ауданы «Деңсаулық саябағы», Алматы ауданы «Жеңіс» саябағында да өтті.

«Қазақ халқына мың алғыс» стелла   алаңында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақтың Тутұғыр алаңында Жеңіс күніне арналған театрландырылған көріністер көрсетілді.

«Дала асханасы» ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта, «Керуен сити» ойын-сауық орталығында мен А.С.Пушкин атындағы саябақта ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Қазақ халқына мың алғыс» стелла   алаңында шараға келушілер үшін әскери-көліктік техникалар көрмесі мен фотозоналар орналыстырылды.

«Жеңіс жаңғыры», «Ұлы Отан соғысы әуендері» атты кешкі мерекелік бағдарламалар ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта сағат 20.30-дан бастап өтеді.  Мерекелік бағдарлама сағат 23.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта отшашумен аяқталады.
    
Ұлы отан соғысы қатысушыларын берілетін әлеуметтік төлемдер:

Бүгінгі таңда қалада ҰОС 37 қатысушы мен мүгедектері, 3264 тыл майданына қатысушылар, 237 - қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері (күйеулері), 3 - қоршаудағы Ленинград тұрғындары, 3 - концлагерлердің бұрынгы кәмелетке толмаған тұткындары, 117 - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталғандар, 973 - жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар.

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 9 Мамыр – Жеңіс Күніне 118 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (бір жолғы әлеуметтік көмек - 120 000 теңге, сауықтыру үшін - 180 000 теңге) 37 Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге әлеуметтік көмектерді төлеуді бастады.
Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер – 60 мың теңге, қаза тапқан және қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне – 35 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне - 12 мың теңге.

Барлық ҰОС ардагерлерін үйлеріне барып құттықтау жоспарлануда, ал еңбек майданының қатысушылары мен қаза тапқан және қайтыс болған соғыс мүгедектерінің жесірлері іс-шараларға шақырылып қала мектептерінде құттықтау ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта қалада 35 ҰОС қатысушылар мен мүгедектері тұрады, олардың саны жыл сайын азайып келеді, ҰОС ең жас қатысушысы – 91 жаста, ал ең қарты – 101 жаста. Олардың көпшілігі өз бетінше қозғала алмайды. «Біздер ҰОС ардагерлерінің бір де бірін назардан тыс қалдырмайымыз керек, ардагерлердің ерлігіне, батырлығына құрмет көрсетуіміз, Ұлы Жеңіске қосқан зор үлестерін бағалауымыз қажет.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары Сіздерді бабамыздың ерлігін еске алатын осынау қастерлі мерекеде кез-келген мәселеге түсіністік танытып, тыныштық сақтап,  мерекені көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алуға шақырамын»,-деді қала әкімі.