Төтенше жағдайға байланысты тыйым салынды
20.03.2020 Жалпы

Ақтөбе қаласының аумағында ТЖ режиміне байланысты сауда орталықтарында, кинотеатрларда, театрларда, көрмелерде, фитнес-орталықтар мен жаттығу залдарында, түнгі және кальян клубтарында, монша кешендерінде, сауналарда, букмекерлік кеңселерде, караоке және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмыс істеуіне толықтай тыйым салынды. Халық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген шараларға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.