Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды
12.09.2019 Мемлекеттік басқарма

«Президенттік жастар кадрлық резерві» жобасы барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашады деп көзделіп отыр. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады.

Бұл ретте Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалуы шарт болып табылмайды. Резервте тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады.

Үміткерге қойылатын негізгі талаптар  жасы 35-тен аспаған Қазақстан Республикасының азаматы,  жоғары білімі, 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы қажет.