Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі
10.12.2019 Мемлекеттік қызметтер

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында сағат 10:00- 12:30 аралығында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратында (Тургенев к.109) ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірлесіп мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін ұйымдастырады.

Аталған шараның мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, электрондық мемлекеттік қызметтерді әйгілендіру, тұрғындарға қызмет көрсету тәртібін, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы және «Электрондық үкімет» веб-порталының көмегімен қызметтерді рәсімдеу тиімділігін түсіндіру болып табылады.

Шараны өткізу барысында азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ішінде үлкен сұранысқа ие салалары, атап айтқанда жер қатынастары, сәулет, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, тұрғын-үй, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және т.б. салалармен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарымен көрсетілетін қызметтер бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алу мүмкіншілігіне ие бола алады.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері келушілерге ЭЦҚ көмегімен электронды мемлекеттік қызметтерді алу үрдісін кезең-кезеңмен көрсету арқылы қолайлы түрде кез-келген уақытта компьютерлер, планшеттер және мобильді құрылғылар арқылы оңай алуға болатындығын түсіндіреді.