Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі
04.06.2019 Мемлекеттік қызметтер

Бүгін, 2019 жылдың 4 маусымында Ақтөбе қаласындағы «Халықтық кеңсе» мемлекеттік қызмет көрсету орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті. Аталған шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мен Ақтөбе қаласы әкімдігі ұйымдастырды.

Жәрмеңкеде тұрғындар мемлекеттік қызмет көрсетудің ең үлкен сұранысқа ие салалары, атап айтқанда: әлеуметтік бағдармалар және жұмыспен қамту, білім, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары және АХАТ бөлімдерінің өкілдерінен қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алды.

Сонымен қатар, аталған шараны өткізу барысында қызмет берушілермен қызметтерді алу процедуралары жөнінде түрлі ақпараттық жадынамаларды, брошюраларды, буклеттерді таратып, өз қызметтерін ұсынды.