Ақтөбеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті
13.12.2019 Мемлекеттік қызметтер

Бүгін күні Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті. Аталған шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Ақтөбе қаласы әкімдігі ұйымдастырды.

Жәрмеңкеде тұрғындар мемлекеттік қызмет көрсетудің сұранысқа ие салалары: жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту​ бағыттар бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алды.

Сонымен қатар шара барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері келушілерге электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен мемлекеттік қызметтерді кез келген уақытта компьютер, планшет, мобильді құрылғылар арқылы қалай алуға болатындығын түсіндірді.