Ақтөбе қаласының әкімі І. Испановтың ақтөбеліктерді Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Ақтөбе қаласының әкімі І. Испановтың ақтөбеліктерді  Ораза айт мерекесімен құттықтауы
05.06.2019 Жалпы

Қадірлі ақтөбеліктер және қала қонақтары!

Бүгін міне, барша мұсылман баласы үшiн қасиеттi саналатын Рамазан айы аяқталып, Ораза айты басталды. Мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Ораза айтымен шын жүректен құттықтаймын! ​​​​​​​​​Ораза айт – қонақжайлылық пен мейірбандылықтың, достық пен татулықтың мерекесі. Ізеттілік пен ізгілікке, бірлік пен игілікке үндейтін бұл мейрам елімізде тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстарды да ынтымаққа ұйыстыра түседі. Бір ай бойы төзімділік танытып ауыз бекіткен, ықыласпен қайырымдылық жасаған адамның құрмет пен марапатқа, қуаныш пен сауапқа кенелетін сәті.​Иісі мұсылманға қадірлі осынау ізгілігі мол мерекеде әр шаңыраққа баянды бақыт, аманшылық пен береке-бірлік тілеймін. Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразамыз, жасаған әрбір қайырлы, ізгі амалдарымыз, дұға-тілектеріміз қабыл болсын!​​​​​​​​​​ Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай!