200-ГЕ ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
04.04.2020 Жалпы

Бүгін, 4 сәуір күні Ақтөбеде сенбіліктер ұйымдастырылды.  Елдегі төтенше жағдайға байланысты Ақтөбеде шектеу шаралары енгізілгені белгілі. Күн сайын вирустың таралуының алдын алу мақсатында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бірақ бұл жеткіліксіз. Осыған қоса, бұл жағдайда аулалар аумақтарында, көшелерде  санитарлық тазалық жұмыстарын да жүргізу маңызды. Мемлекеттік қызметкерлер мұны түсініп, сенбілікке шығуды ұйғарды.  «Тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкерлері сенбілікке бастамашы болғандардың бірі. Қауіптің барын сезінгенімен мемлекеттік қызметкерлер тәуекелге бел буып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қалада жеке пәтер иелер кооперативтері және кондоминиумдар аулаларды және аумақтарды тазалау жұмыстарын тұрғындарды тартпай, өз беттерімен жүргізуге кірісті», — дейді тұрғын үй қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Ақнұр Қазбаева.  Жалпы саны, сенбілікке 200 мемлекеттік қызметкер қатысып, 10 тонна қоқыс шығарды. Ақтөбе қаласы әкімдігінің барлық бөлімдері, Ақтөбе облысы әкімдігінің барлық басқармалары мен департаменттері елдегі қиын жағдайда тұрғындар үйде болсын деп, көше тазалығымен айналысты.  Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мердігер ұйымдары күн сайын 700 көшені күтіп ұстау үшін 25 техникасы мен 100 адамын шығарып отыр.