Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының әкімі
Азаматтарды қабылдау кестесі
Сәңкібай батыр даңғылы, 145 Б
Әр бейсенбі сайын сағат 10.00 ден 12.00 –ге дейін
Исмағамбетова Дариға Ғизатқызы

Исмағамбетова Дариға Ғизатқызы 1975 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. Ақтөбе Дүние университетін педагогика және психология біліктілігі бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Калиновка орта мектебінің кітапханашысы болып бастады. Әр жылдары Қобда ауданы Калиновка орта мектебінің тәрбиешісі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақтөбе қаласындағы №19 орта мектебінің мұғалімі, №15 орта мектебі директорының орынбасары, директоры лауазымдарында қызмет атқарды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды. Осыған дейін «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Ал Астана ауданының бұрынғы әкімі Бағжан Тілегенов «Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық филиалына қызметін ауыстырды.